"Эйр Астана" ұшағының Лондон әуежайына қонуы әлемдік БАҚ-ты таң қалдырды

Оқиға 2 қаңтар күні болған. 

"Эйр Астана" ұшағының Лондон әуежайына қонуы әлемдік БАҚ-ты таң қалдырды  Фото: inbusiness.kz

"Эйр Астана" әуе компаниясының ұшағы Лондондағы Хитроу әуежайына қиын қону кезінде сәтті қонып, британ жұртшылығын таң қалдырды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Қазақстандық бортқа қону бейнесі BBC News телеарнасының Instagram парақшасында жарияланды.

Сонымен қатар, оқиғаның куәгерлері пилоттың шеберлігіне таңданысын жасырмады.

"Air Astana әуе компаниясының рейсі сейсенбі күні Хенк дауылынан туындаған қатты жел кезінде Лондонның Хитроу әуежайына сәтті қонған көптеген рейстердің бірі болды", - делінген бейнедегі жазбада.

"Эйр Астана" мәліметтері бойынша, оқиға 2024 жылдың 2 қаңтарында "Алматы – Лондон" KC663 рейсін орындаған A321LR ұшағының ұшуы кезінде орын алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу