banner

ЕҚДБ Қазақстан экономикасына қатысты болжамын өзгертті

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) 2023 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсіне қатысты болжамын өзгертті.  

ЕҚДБ Қазақстан экономикасына қатысты болжамын өзгертті Фото: Almaty.tv

"ЕҚДБ Қазақстанның 2023 жылға арналған ЖІӨ өсу болжамын 3,4%-дан 3,5%-ға көтерді.  Қыркүйек айындағы есеппен салыстырғанда болжамды жоғарылату бағытында қайта қарау шикізат экспорттаушы елдер үшін мұнай мен газ бағасының қолайлы тенденцияларын көрсетеді", - деді ЕҚДБ ақпан айындағы аймақ елдеріне шолуында.

Ақпаратқа сәйкес, жұмыс күшінің, капиталдың, ақша аударымдарының және делдалдық сауда көлемінің өсуі Қазақстанның және жалпы Орталық Азияның экономикалық дамуына қосымша оң әсер етеді.

"2023 жылы ЖІӨ-нің ең жоғары өсу қарқыны Тәжікстанда – 8%, Қырғызстан мен Моңғолияда – 7% болады", – деп жазылған шолуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу