"Екеуі де мас болған": Ақтөбеде облысында мұнайшылар төбелесіп, біреуі пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

145

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

"Екеуі де мас болған": Ақтөбеде облысында мұнайшылар төбелесіп, біреуі пышақ жарақатымен ауруханаға түсті Фото: polisia.kz

Қазіргі уақытта 43 жастағы жұмысшының жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты "ҚазТАГ" агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға кеше Ақтөбе облысы, Темір ауданы Кеңқияқ ауылында болған. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды. 

Екі жұмысшы өзара жанжалдасып, салдарынан олардың бірі екіншісіне пышақ салған.

"Кеңқияқ ауылдық полиция бөлімінде денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала тергеу барысында кәсіпорынның екі қызметкері мас күйінде сөзге келіп қалып, нәтижесінде бірі екіншісіне пышақ жарақатын салғаны анықталды. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді және медициналық мекемеде ем қабылдап жатыр", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Пышақ жарақатын алған мұнайшының хәлі ауыр. Қазір дәрігерлердің бақылауында.

"28 сәуірде сағат 05:00-де Кеңқияқ ауылдық ауруханасына 43 жастағы ер адам жеткізілді. Пациентке барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі сәтте оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу