Қазақстан Республикасының Омбыдағы консулдығының көмегімен ауыр халде жатқан екі айлық Қазақстан азаматы жергілікті облыстық балалар клиникалық ауруханасынан Нұр-Сұлтанға жеткізілді, деп Қазақстанның РФ-дағы елшілігі баспасөз қызметі хабарлады.
Нәрестені астанаға әкелгенге дейін мамандар диагнозды зерттеп, келгеннен кейін бірден қарқынды емдеуді бастады.
Науқастың жағдайы тұрақты. Дәрігерлер толық емдеу бағдарламасын жүзеге асырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу