Екі әскери құрылым арасында билікке талас басталды

1593

Тараптар екі күн қатарынан бронетехника, әскери авиация және пулеметпен жабдықталған автомобиль қолданып, ірі қалалардың бәрін отқа орады. 

Екі әскери құрылым арасында билікке талас басталды Фото: РИА Новости

Суданда билік армиясы мен жедел әрекет ету қызметі арасында, билікке талас басталды. Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, 56 адам қаза тапқан. Арасында бейбіт тұрғындар мен Біріккен ұлттар ұйымының 3 қызметкері де бар.

Қазір әскерилер, Хартум мен Омдурман қалаларында қарулы күштер штабын, халықаралық әуежай мен мемлекеттік телеарна ғимараты үшін соғысып жатыр. Суданға ұшатын халықаралық рейстердің көпшілігі тоқтатылған. Ал президент резиденциясы, жедел әрекет ету қызметінің бақылауына алынды, деп хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу