Екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

477

Павлодарда жол көлік оқиғасында бір адам көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме беріп. 

Екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

29 тамызда Павлодар қаласының Торговая-Центральная көшелерінің қиылысында Volkswagen Polo автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын қамтамасыз ете алмай, Lada автокөлігімен соқтығысты.

 – Жол-көлік оқиғасы салдарынан Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Lada автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, – деді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров. 

Сараптама тағайындалып, автокөліктер арнайы айыппұл тұрағына қамауға алынды. Тексеру жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу