Екі күнде 2,3 мыңнан астам заңсыз граффити анықталды

346

Заңсыз граффити салғандарға полиция назарын күшейтті.  

Екі күнде 2,3 мыңнан астам заңсыз граффити анықталды Фото: pinterest.com

"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында Ішкі істер министрлігі ғимараттар мен қоғамдық орындарды бүлдіру, сондай-ақ заңсыз граффити салу фактілерінің алдын алу жұмыстарын күшейтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соңғы екі күнде республика бойынша 524 профилактикалық іс-шара өткізіліп, граффити салудың 2 300-ден астам фактісі анықталды.

Тексеру барысында ғимараттар мен қоғамдық орындардағы мүлікті бүлдіруге қатысты 9 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Ал Шымкентте есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полиция құқық бұзушылықтарды анықтаумен қатар, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын да жүргізіп жатыр. Республика бойынша 1 200-ге жуық ақпараттық брошюра таратылып, азаматтармен 976 түсіндіру әңгімесі өткізілді.

Заңсыз граффитидің жолын кесу жұмыстары Ішкі істер министрлігінің бақылауында жалғасып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу