ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты Павлодар және Қарағанды облыстарында жол жабылғанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2026 жылғы 6 ақпан сағат 03:30-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті" автомобиль жолының 1135-1206 шақырым аралығындағы учаскесі (Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті елді мекеніне дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі", – делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылы 6 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Сондай-ақ Қарағанды облысында да көлік қозғалысына шектеу қойылды.
2026 жылғы 6 ақпан сағат 04:00-де ауа райының бұзылуына байланысты төмендегі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі:
- "Астана–Қарағанды–Алматы" автожолының 248-592 шақырым аралығындағы учаскесінде (Атамекен ауылы – Балхаш қаласы);
- "Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз" автожолының 17-217 шақырым аралығында (Қарағанды қаласы – Қарқаралы ауылы);
- "Қызылорда–Жезқазған–Қарағанды–Шідерті" автожолының 970-1135 шақырым аралығы (Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).
- Астана–Қарағанды(айналма жолмен) – Алматы" автожолының 164-198 шақырым аралығы, (Теміртау ақы алу пункті – Қарағанды қ.).