Екі оқушы менингитпен ауруханаға түсті

1012

Балаларға қойылған диагноз менингококктық инфекция емес - менингит. Яғни менингококктық инфекция ауа арқылы тараса, менингит дерті суық тигеннен, иммунитеттің төмендеуінен болады.

Екі оқушы менингитпен ауруханаға түсті

Алматы облысында менингитке шалдыққан екі оқушы Қарасай ауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, 7 және 10 жастағы науқастар екі түрлі ауданның тұрғындары.

"Оқушының біреуі Іле ауданынан, екіншісі Қарасай ауданындағы Абай мектебінде білім алады. Екеуіне менингит диагнозы қойылды. Балалардың жағдайы жақсы", - деді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.

Сондай-ақ аталған ведомство өкілі толықтырғандай, балаларға қойылған диагноз менингококктық инфекция емес - менингит. Яғни менингококктық инфекция ауа арқылы тараса, менингит дерті суық тигеннен, иммунитеттің төмендеуінен болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу