"Екі заңды біріктіре салған, ішінде ештеңе жоқ": Депутат министрді ұятқа қалдырды

550

Депутаттың айтуынша, ғылымды бюджеттен қаржыландыруда ашықтық жоқ, бюрократия, қиындықтар, ғылыми кеңес жұмыстарының кемшіліктері тағы бар.

"Екі заңды біріктіре салған, ішінде ештеңе жоқ": Депутат министрді ұятқа қалдырды Фото: Коллаж: inbusiness.kz

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылымды бюджеттен қаржыландыру жұмыстарындағы кемшіліктерін атап, "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заң жобасын сынап тастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Депутаттың айтуынша, ғылымды бюджеттен қаржыландыруда ашықтық жоқ, бюрократия, қиындықтар, ғылыми кеңес жұмыстарының кемшіліктері тағы бар.

"Мен кеше арнайы түнімен отырып, қандай есеп беріп жатыр екен деп осы ғылыми кеңес жұмыстарын қарадым. Ұлттық ғылыми кеңес деп аталады, оншақтысы бар. Қарап отырсаңыздар, бәрінің есебі – 4 бет. Тек статистика мен өздерінің мүшелерін жазып қойған, ешқандай талдау жоқ. Қандай ғылыми жетістіктер болды, қайда енгізілді, қандай тауарлар экспортқа шығарылады, қандай тауарлар жетілдірілді, қанша салық түсті, қанша жұмыс орны ашылды... ешқандай мәлімет жоқ. Есептері 3 бет және бәрі орыс тілінде жазылған. Не мемлекеттік, не ағылшын тілінде материал жоқ, – деді депутат.

Еділ Жаңбыршин ғылымды дамыту үшін ғалым дамитын орталар болу керек деп, шетелдік тәжірибедегі мысалдар келтірді.

Оның айтуынша, "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заң жобасында жай ғана Коммерциализация мен ғылым туралы екі заңды біріктіре салған. 

"Одан заң бола ма?! Сондықтан, министр мырза, екінші оқылымға дейін мынаның ішіне қажетті нәрселерді кіргізуіміз керек, жұмыс істейтін заң болу қажет. Әйтпесе, бұл "холостой патрон" болады", – деді Еділ Жаңбыршин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу