Екі заңнамалық акті, бір кодекс пен бір заң өзгертіліп, толықтырылады

659

Өндірістік оқу мен кәсіптік тәжірибе еңбек өтілі болып есептеледі.

Екі заңнамалық акті, бір кодекс пен бір заң өзгертіліп, толықтырылады

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мәселесі талқыланып, қаулы қабылданды.  

"Аталмыш заң жобасы мәжіліс пен сенаттың бір топ депутаттарының бастамасымен әзірленді. Заң жобасында білім беру процесін одан әрі жетілдіру, дуалды оқыту туралы шарт негізінде білім  алушылардың өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өту уақытын еңбек өтіліне есептеу, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алғандардың үшжылдық жұмыспен өтеу шарттарын нақтылау, білім беру ұйымдарында студенттердің оқу нәтижелерін бағалау рәсімдерін реттеу қарастырылған. Өзгерістер мен толықтырулар екі заңнамалық актіге, бір кодекс пен бір заңға енгізіледі. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алып, ол бойынша 2020 жылғы 25 қарашаға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын", – деді әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Бейбіт Мамраев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу