Екі жасөспірім мал іздеуге шығып адасып кеткен

125

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылында екі оқушы 26 мамырда күндіз жылқымен мал іздеуге шығып, адасып бағдарынан жаңылысқан.     

Екі жасөспірім мал іздеуге шығып адасып кеткен Фото: primeminister.kz

Жасөспірімдер соңғы рет кешкі сағат 20:30 кезінде байланысқа шығып, үйге қайтып келе жатқанын жақындарына айтқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бір жарым сағаттан өтсе де үйге оралмаған, осылайша уайымға салынған ата-аналары құтқарушыларға көмек сұрап жүгінеді.

4 сағаттық үзіліссіз іздестіру жұмыстарынан кейін, құтқарушылар Торғай ауылынан 8 шақырым жерде қамыстың арасында адасып қалған жасөспірімдерді тауып, елді мекенге аман-есен жеткізді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу