Екі жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Германиядан экстрадицияланды

670

Екі жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Германиядан экстрадицияланды

Бас прокуратура қызметкерлері Қазақстан Интерполымен бірлесіп, қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Германиядан Хагай Изгияевті экстрадициялады, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

Оны 1,5 млн АҚШ доллары сомасында алаяқтық жасаған деген  күдік бойынша Алматы қалалық полиция департаменті 2016 жылдан бастап іздестірген болатын.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Оған осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта Изгияев Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу