Екібастұз апатына жол берген шенеуніктер жазаланады

560

Екібастұздағы апатқа кінәлілерді анықтайтын тергеу комиссиясының қорытындысы әлі шыққан жоқ. Соған қарамастан аймақ басшысы Асайын Байханов, өзінің қол астындағы бірқатар шенеунікті жазаламақ. 

Екібастұз апатына жол берген шенеуніктер жазаланады Фото: Halyq Uni

Бүгін Екібастұзда өткен облыстық жедел штабтың отырысында, жауаптылардың атын атап түсін түстеп берді. Тізім басында  Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы тұр. Сонымен қатар, осы салаға тікелей жауапты бірінші орынбасары Олег Крук те бар. Кейінгісі, бұрынғы облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов орнынан алынған кезде уақытша міндетін атқарған. Бұдан да өзге мемлекеттік қызметшілердің жауапқа тартылуы бек мүмкін. 

"Біреуі біздің энергетика басқармасының басшысы облыстық Салханов Ержан Маратұлы. Өйткені осы салада басты жауапкершілік сол басқармада. Сондықтан оған жарияланады. Және де менің өзімнің орынбасарым. Осы тұрғын үй коммуналдық шаруашылыққа жауапты. Тағы да басқа құзіретті органдардың басшыларын жауапкершілігін және оларға қолданылатын жазаның керектігін біз жақын арада белгілейміз", деді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу