Екібастұз ГРЭС-2-де жөндеу жұмыстары аяқталды

782

Стансада жыл соңына дейін электр қуатын өндірудің болжамды көлемі 6,4 млрд кВт/тан асуы мүмкін.

Екібастұз ГРЭС-2-де жөндеу жұмыстары аяқталды

Екібастұз ГРЭС-2-де жөндеу жұмыстары аяқталып, 2-ші энергоблок желіге қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Самұрық-Энерго" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазіргі таңда Қазақстандағы ең ірі жылу электр стансаларының бірі 2 блокты режимде жұмыс істейді. Орнатылған қуаты 1 000 МВт және қол жетімді қуаты 974 МВт. Екібастұз ГРЭС-2 орташа тәуліктік 900 МВт жүктемені көтереді", – деп түсіндірді компания.

Станция электр энергиясын өндіру көлемінің жылдық жоспарын орындады: 3 желтоқсандағы жағдай бойынша жоспар 5,818 млрд кВт/сағ, ГРЭС-2 5,866 млрд кВт/сағ өндірді. Өнеркәсіптің болжамды көлемі жыл соңына дейін 6,4 млрд кВт/сағ-тан астамды құрауы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысына еліміздегі электр энергиясын өндірудің 40%-дан астам үлесі тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу