Екібастұз қалалық ХҚКО төтенше жағдай режимінде жұмысын жалғастырады

642

Төтенше жағдай жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін жалғасады, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.  

Екібастұз қалалық ХҚКО төтенше жағдай режимінде жұмысын жалғастырады Фото: Константин Шелков

Еске салсақ, бүгін 28 қарашада Екібастұзда жылу желілеріндегі апат салдарынан ТЖ режимі енгізілген болатын.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қаладағы ТЖ жағдайға қарамастан, М.Жүсіп көшесі, 92/2 мекенжайы бойынша орналасқан Екібастұз қалалық ХҚКО жұмысын жалғастыру туралы шешім қабылдады.

"Бүгінде халыққа қызмет көрсету орталығы қысқартылған режимде жұмыс істейді. Өз үйлерінде оңтайлы температурасы бар орталықтың 8 қызметкері халыққа қызмет көрсету үшін жұмысқа шықты", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" МК облыстық филиалының басшысы Асылбек Сапарбекұлы.

"Азаматтық қорғау туралы" ҚР Заңының 48-бабына сәйкес Екібастұз аумағында қала әкімі жылу желілеріндегі апат салдарынан жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялаған болатын. Төтенше жағдай режимі сол аймағында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталғанға дейін жалғасатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу