Екібастұз қаласына жаңа әкім тағайындалды

875

Нұржан Әшімбетов әр жылдары Павлодар және Петропавл қалаларын басқарған.

Екібастұз қаласына жаңа әкім тағайындалды

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қала әкімдігінде Екібастұз қаласының ендігі әкімін таныстырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Нұржан Әшімбетов 1969 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданы Черное ауылында туған.

Зооинженер мамандығы бойынша Алматы зооветеринарлық институтын, ал бухгалтер-экономист мамандығы бойынша Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын Мемлекеттік мүлік жөніндегі Павлодар аумақтық комитетінің маманы болып бастап, кейін халықаралық даму жөніндегі америкалық агенттігіне қарасты "Карана" корпорациясының кеңесшісі қызметін атқарады.

1997-1999 жылдар аралығында - Лебяжі ауданындағы өндірістік кооператив төрағасы, агрофирма директоры;

1999-2008 жылдар аралығында – Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары, Лебяжі ауданының әкімі, Павлодар облысы ауыл шаруашылық басқармасының бастығы;

2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;

2009-2012 жылдары Петропавл қаласының әкімі қызметін атқарды.

2012-2016 жылдары Павлодар облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары. 2016 жылғы 13 сәуірден бастап Павлодар қаласының әкімі болып қызмет етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу