Екібастұз қаласында жаңа диагностикалық орталық ашылды

1117

Екібастұз қаласында жаңа диагностикалық орталық ашылды

Орталық қалалық аурахананың базасында ашылған медициналық мекемеде диагностикалық қызметтер орталықтандырылған түрде көрсетіледі, деп хабарлады облыс әкімдігі.

"Бұл қуанышты оқиғаның ел Тәуелсіздігінің 25-жылдығына тұспа-тұс келгені көңілімді одан сайын жадырата түсті. Келесі жылы біз Екібастұз қалалық ауруханасының үш корпусын галерея арқылы жалғайтын боламыз. Сонда аруханаларға келушілер бір ғимараттан екіншісіне қиындықсыз өтетін болады",  – деді Болат Бақауов.

Орталықта науқастарды қабылдау қалалық емхана мамандарының бағыттамасы арқылы немесе азаматтардың өз өтініші бойынша жүргізіледі. Орталықта окулист, лор, кардиолог, пульмонолог, нефролог, ревматолог, эндокринолог, функционалды және эндоскопиялық диагностика дәрігерлері қабылдайды. Мекемеге 247 миллион теңге сомасындағы медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды.

"Орталықта жоғары сыныпты УДЗ, көз және тыныс жолдары органдарының патологиясын анықтайтын аппараттар бар. Бұл аппараттар науқастардың дертін тез арада анықтап, оларды уақытында емдеуге мүмкіндік береді", – дейді Екібастұз қалалық аурухананың бас дәрігері Мұхаметқайыр Андосов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу