Екібастұз қаласындағы төтенше жағдай режимі жойылды

Қала әкімі тиісті шешім қабылдады.

Екібастұз қаласындағы төтенше жағдай режимі жойылды Фото: Есенжол Исабек

Екібастұз қаласындағы жылу желілерінде орын алған апатқа байланысты 28 қараша күні жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілген болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Төтенше жағдайды жою үшін жергілікті атқарушы органның әкімшілік ресурсы, азаматтар, кәсіпкерлік субъектілері, кәсіпорындар мен еріктілер тартылды.

Бүгінде жылусыз қалған көпқабатты тұрғын үйлердің барлығы қайтадан орталық желіге қосылды. Сонымен қатар, көппәтерлі және жеке жер үйлерде гидравликалық режимді қалпына келтіру бойынша реттеу жұмыстары жалғасатын болады. Проблемалық баспаналарға айналған Сәтбаев, 8 және Мәшһүр Жүсіп, 52 көшелеріндегі үйлердің 7 корпусында су мен кәрізді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Жеке сектордың жылумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары да жалғасып жатыр. Орталық жылумен жабдықтауға қосылмаған тағы 40 жер үй бар. 8 бригаданың күшімен қаланың жылу трассаларындағы ұсақ ақаулар мен зақымдарды жою жұмыстары атқарылуда.

Магистральдық және орамішілік желілердегі температуралық параметрлерді теңестіру және реттеу жұмыстары ретке келтіріледі. Тұрғындар жылумен қамтуға қатысты сұрақтары бойынша "Екібастұзжылунерго" ЖШС апаттық қызметіне тәулік бойы жүгіне алады.

Үй-жайларда қажетті температуралық режим белгіленгеннен кейін мектептер мен балабақшалардың жұмысын штаттық режимде қайта басталады. Төтенше жағдайдың салдарынан шығынға ұшыраған азаматтардан өтініштер қабылдануда. Одан соң комиссиялық тексеру жүргізіледі.

Жылусыз қалған үйлер қараша және желтоқсан айларына жылумен жабдықтау қызметтері үшін ақы төлеуден босатылады, қалған жағдайларда – қайта есептеу жүргізіледі.ТЖ режимі кезінде тұтынылған электр энергиясының қызметтерін қайта есептеу мәселелері қарастырылуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу