Екібастұз тағы да жылудан ажыратылады

493

Бүгін жоспар бойынша, жөндеу жұмыстары 6 сағат жүргізіледі.  

Екібастұз тағы да жылудан ажыратылады Фото: gov.kz

Екібастұздағы жылу желісінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады "Екібастұзжылуэнерго" компаниясы.

Осыған байланысты қаладағы кейбір үйлерге жылу берілмейді.

"Биыл 13 ақпанда сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін Әлия Молдағұлова көшесі, 102-де жылу желісі жоспарға сәйкес жылудан ажыратылады", - деп жазылған хабарламада.

Компания жұмысшылары ілмекті арматураны бөлшектеп, құбырды жуып-шаяды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу