Екібастұз ЖЭО-дағы апат бойынша қылмыстық іс қозғалды

637

Тергеу амалдарының барысын Павлодар облысының прокуроры жеке бақылауға алды.

Екібастұз ЖЭО-дағы апат бойынша қылмыстық іс қозғалды Фото: Константин Шелков

Екібастұз жылу электр орталығында болған апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады inbusiness.kz “ҚазТаг”-қа сілтеме жасап.

“30 қараша күні “Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС жылу желілеріндегі ірі көлемде зақым келтіру, желілік судың қысымын төмендету және су жылыту қазандықтарын тоқтату фактісі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 254-бабы (Міндеттеріне адал қарамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді, ол үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деп хабарлады Павлодар облысының прокуратурасы.

Ведомство апат салдарынан бірқатар көпқабатты және жеке тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандардың жылусыз қалғанын, 123 тұрғынның эвакуацияланғанын атап өтті. Сонымен қатар білім беру нысандары қашықтан оқыту форматына көшіп, балабақшалардың жұмысы тоқтатылған болатын.

Ақпаратқа сәйкес, сотқа дейінгі тергеу Павлодар облыстық полиция департаменті, экономикалық тергеу департаменті және облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлерінен құралған ведомствоаралық жедел-тергеу тобына тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу