banner

Екібастұз ЖЭО қызметкері жұмысқа байланысты қаза тапқан жоқ - полиция

554

Павлодарлық полицейлер отбасылық жанжал нұсқасын қарастыруда, алайда нақты шешім жүргізілген сараптамалардың нәтижелері бойынша ғана қабылданатын болады.    

Екібастұз ЖЭО қызметкері жұмысқа байланысты қаза тапқан жоқ - полиция Фото: Константин Шелков

Павлодар облысы полиция департаменті хабарлауынша, Екібастұз ЖЭО қызметкері жұмысқа байланысты қаза тапқан жоқ, деп жазады inbusiness.kz.

Аталмыш оқиға Екібастұз қаласының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

"Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деп хабарлады ведомстводан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы жағдай отбасылық жанжалдың салдарынан болған және марқұмның қызметімен байланысты емес.

Бұған дейін желіде Екібастұздағы тұрақтардың бірінде жергілікті ЖЭО учаскесінің бастығы болған, 33 жастағы ер адамның денесі табылғаны жайлы ақпарат тараған болатын. Ол қозғалтқышы қосулы көлікте отырған. Кейін "Екібастұз жылу Энергосы" баспасөз қызметі қызметкердің қаза тапқаны туралы ақпаратты растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу