Екібастұз ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімі Асайын Байханов мәлім етті. 

Екібастұз ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп тұр Фото: inbusiness.kz

Нысандағы 10 қазандық агрегаттың 6-на күрделі жөндеу және 2-не ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Екібастұзға жеке тоқталайын. Екібастұз ЖЭО-дағы 10 қазандық агрегаттың 6-на күрделі жөндеу және 2-не ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп тұр және жылудың қажетті параметрлерін беруде.  Қалған екі қазандық бойынша жұмыстар аяқталды, ағымдағы айдың соңына дейін іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізіледі. ЖЭО жөндеуге 17 млрд теңге бөлінді, оның ішінде, бюджеттен 8,5 млрд және "ОАЭК" АҚ қаражаты есебінен 8,5 млрд", – деді өңір әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу