banner

Екібастұзда әлі 11 көпқабатты және 70 жеке үй тұрғындары жылусыз отыр

513

Жылу беру бойынша қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 

Екібастұзда әлі 11 көпқабатты және 70 жеке үй тұрғындары  жылусыз отыр Фото: tengrinews.kz

Қазіргі таңда бүкіл үйлердің жылу торабына, жертөлесіне жылу берілген. Ғимараттар арасындағы желілер мен жылу тораптары қалпына келтірілді. Алайда, әлі 11 көп қабатты үй мен 70 жеке үй тұрғындары жылусыз отыр. Себебі, ол пәтерлердің радиаторлары ауыстырылады.

Апатты жою үшін ірі кәсіпорындардың 500-ге жуық маманы тартылған. Әрбір үй бригадаларға бөлініп беріліп, ақаулар қалыпқа келтірілуде. Сонымен қатар, сумен жабдықтау жүйелеріне де жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Екібастұздың барлық білім беру мекемелері жылумен қамтамасыз етілген. Олар қалада жағдай қалыпқа келген кезде бұрынғы режимде жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу