Екібастұзда барлық зардап шеккен үйлерге жылу берілді

608

Энергия көзі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. 

Екібастұзда барлық зардап шеккен үйлерге жылу берілді Фото: Валерий Бугаев

Жедел штабтың Екібастұз қаласындағы жылумен жабдықтауды қалпына келтіру жөніндегі штабының 7 желтоқсан күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша барлық зардап шеккен үйлерге жылу берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жедел штаб басшысы-премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша желілік судың параметрлері: қысымы 8,8 кг/см2, түзу бағытта 83 градус, түзу және кері бағытта 56 градусты құрайды.

"Энергия көзі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Екібастұз ЖЭО қаладағы жылумен қамтуды қалыпқа келтіру үшін барлық күштерді жұмылдыруда. Өкінішке орай, соңғы күндері орын алған оқиғалардың нәтижесінде болған гидравликалық режимнің теңгерімсіздігі, соның ішінде тұтынушылар мен ПИК-тердің жылу тасымалдағыштағы суды рұқсатсыз ағызуы бұл жұмысты қиындатты", - деді Роман Скляр.

Сондай-ақ ол барлық тұрғындарға шыдамдылық танытқандары үшін алғыс білдіріп, алдағы 2-3 күнде бірлескен күш-жігердің арқасында жылумен қамту толығымен қалпына келетінін айтты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу