Екібастұзда бірқатар үйде жылу өшіріледі

401

30 желтоқсанда сағат 13-17 аралығында жылу желісі ауыстырылады, деп жазады inbusiness,kz Pavlodarnews.kz cілтеме жасап. 

Екібастұзда бірқатар үйде жылу өшіріледі Фото: google

"Екібастұзжылуэнерго" ЖШС мәліметінше, ол үшін Ә.Молдағұлова көшесі, 92-ге қарай орамішілік жылу желісін ажыратуға тура келеді. 

–  Осыған байланысты Ә.Молдағұлова көшесі, 80, 90, 92, Торайғыров көшесі, 15, 17/146 көшелеріндегі жеке тұрғын үйлерде жылумен жабдықтау уақытша тоқтатылады, – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ сағат 14-18 аралығында жылу желісін  ауыстыру үшін № 4 жалпы орта білім беру мектебінен Сүтжанов көшесі, 18.00-ге қарай орамішілік жылу желісін ажырату жүргізіледі.

Сондықтан Сүтжанов көшесіндегі келесі жеке тұрғын үйлерде жылумен қамту болмайды: 6/168, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу