Екібастұзда бірнеше тұрғын үй уақытша жылудан ажыратылады

484

Екібастұз қаласында жылу желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.     

Екібастұзда бірнеше тұрғын үй уақытша жылудан ажыратылады Фото: instagram/ekibastuz_akimdigi

Әкімдіктің мәліметінше, №82 орталық жылу пунктінен Сәтпаев көшесі, 22 үй, №1 корпусқа  дейінгі аумақта  жерасты  құбырларының  зақымдалуын жою жұмыстары жүргізіледі.

"Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС төрт көпқабатты үйді жылудан ажырату таңғы сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін созылатынын айтты.

Бұған дейін 16 қаңтарда Екібастұзда жеке сектордағы бірқатар үй уақытша жылусыз қалатыны хабарланған еді. Екібастұз ЖЭО жөндеу жұмыстары қаңтар айының соңына дейін тұрақталады деп уәде беріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу