Екібастұзда еріктілер көмек көрсету штабын құрды

560

Еріктілер штабы Павлодарская көшесі, 10 мекенжайында орналасқан. Мұнда жастар бастамаларын дамыту орталығы бар, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Екібастұзда еріктілер көмек көрсету штабын құрды Фото: Константин Шелков

"АМАНАТ" партиясы Екібастұз қалалық филиалының жауапты хатшысы Нияз Макраевтың айтуынша, мобильді топтардың құрамындағы тұрғындар үйді аралайды.

Жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектер, аз қамтылған отбасылар туралы мәліметтер жинақталып жатыр. Оқиға орнында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ұлттық волонтерлік желі төрайымы Вера Ким жұмыс істеп жүр.

"27 қарашада 50-ден астам жылытқыш жеткізілді. Бүгін сағат 13.00-де "АМАНАТ" партиясының облыстық филиалынан (Кривенко көшесі, 25а) гуманитарлық көмек жөнелтіледі. Сондай-ақ, жастар бастамаларын қолдау орталығында жөндеу жүргізетін бригадаларға ыстық тамақ ұйымдастырылады", - дейді Нияз Макраев.

Еріктілер штабының жұмысы үшін сенім телефондарының нөмірлері: +77054057128, +77779965010.

Сондай-ақ партия филиалдары (+701 705 00 65) телефон нөмірі арқылы кез келген адам көмек көрсете алады.

Еріктілер штабының хабарлауынша, қазіргі уақытта жылытқыштар, коммуналдық жұмысшыларға арналған жылы аяқ киімдер (чобот) қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу