Екібастұзда қаруланған ер адам тұрғындардың үрейін ұшырды

533

Павлодар облысы Екібастұз қаласында шолақ мылтық ұстап, серуендеп жүрген мас ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Екібастұзда қаруланған ер адам тұрғындардың үрейін ұшырды

Өңірдегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желіде ер адамның көппәтерлі үйдің ауласында шолақ мылтық ұстап жүргені жайлы видео жарияланған.

Кейін полиция 33 жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады.

"Екібастұз тұрғыны ұсталды. Оның қолында болған бір атар тегіс ұңғылы аңшы мылтығы мен 16 калибрлі екі патрон тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жолданды. Сараптама нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Тәртіп сақшылары ер адамның мас болғанын, оның есін жиғанға дейін айықтырғыш мекемеге жатқызылғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу