Екібастұзда кейуана алаяқтарға сеніп, 3 млн теңгесін аудармақ болған

531

Кейуана жиған қаражатын ем-домға Грузияға аударып жатырмын деп ойлаған.  

Екібастұзда кейуана алаяқтарға сеніп, 3 млн теңгесін аудармақ болған Фото: polisia.kz

Екібастұзда зейнеткер әйел алаяқтарға сеніп, Грузияға 3 млн теңгесін аудармақ болған. Киберполиция кейуананың ақшасын сақтап қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Облыстық ПД мәліметінше, кейуана ақшасын емделу үшін Грузияға аударып жатырмын деп ойлаған. Банк қызметкерлері операция барысында күмәнді белгілерді байқап, аударымды дер кезінде бұғаттап, клиентке оның алаяқтық іс болуы мүмкін екенін хабарлаған.

Оқиғаға киберполиция қызметкерлері де араласты. Олар жағдайдың мән-жайын анықтап, әйелдің алаяқтық схеманың құрбаны болғанын түсіндірді әрі ақшасынан айырылып қалмауына көмектесті.

Полиция мен банк қызметкерлерінің бірлескен әрекетінің нәтижесінде ақша аударылған жоқ. Зейнеткер 3 млн теңге көлеміндегі ақшасын сақтап қалды.

– Полиция қызметкерлері мен банк мамандарына алғысым шексіз. Олар дер кезінде бір нәрсенің дұрыс еместігін байқап, жағдайды түсінуге көмектесті және ақшамды сақтап қалды, – деді әйел.

Полиция азаматтарды қырағы болуға шақырады. Алаяқтар көбіне емделу, туыстарының қауіпсіздігі немесе ақшаны шұғыл аудару қажеттілігі сияқты түрлі сылтауларды пайдаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу