banner

Екібастұзда кеншілерге пәтер берілді

432

Кірпіштен салынған бес қабатты үйде 70 пәтер бар. 

Екібастұзда кеншілерге пәтер берілді

Екібастұзда ERG Тұрғын үй бағдарламасы аясында салынған бес қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"ЕЭК" АҚ Корпоративтік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, ERG құрамындағы "Еуроазиаттық энергетикалық корпорация" АҚ "Шығыс" көмір кенішінің қызметкерлеріне баспана тиімді шарттармен ұсынылған. Қоныс тойы кеніштің 35 жылдығына орайластырылған.

Кірпіштен салынған бес қабатты үйде 70 пәтер бар. Кең, ыңғайлы етіп жоспарланған әр пәтер сантехника және электр пештерімен жабдықталған таза әрлеуде тапсырылды. 

Кілт негізінен кәсіпорынның жоғары білікті қызметкерлері, тапшы мамандық иелері, халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын жас мамандар мен қызметкерлерге (толық емес отбасы, көп балалы отбасы) табыс етілген. 

"Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ мен ERG компаниясы арасында компания қызметкерлеріне төмен пайыздық мөлшерлемеде тұрғын үйді сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді сатудағы ынтымақтастық туралы келісім жасалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу