Екібастұзда қоғамдық көлік қатынасы тоқтауы мүмкін

716

Қазіргі тариф жанармай шығындарын өтеуге жетпейтін көрінеді.   

Екібастұзда қоғамдық көлік қатынасы тоқтауы мүмкін

Жолаушыларды тасымалдайтын компания автобустар қозғалысында болуы мүмкін өзгерістерге дизель отынының қымбаттауы себеп екенін алға тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Кеншілер шаһарындағы 8 бағыттың бесеуі бойынша жолаушыларға қызмет көрсететін "Нар-Транс" ЖШС әлеуметтік желідегі ресми парақшасы арқылы қоғамдық көлік қозғалысы өзгеруі, тіпті тоқтауы мүмкін екенін хабарлады.

"Қалада дизельді отын тапышылығы туындауына байланысты және оның бағасының 185 теңгеден 285 теңгеге дейін қымбаттауы салдарынан қоғамдық көліктердің жүруін шектеу қарастырылуда. Автобустардың жүруі тоқтатуы да ықтимал", – делінген хабарламада.

Күн сайын аталмыш компанияның 28 көлігі жолға шығып, тұрғындарды діттеген жерге жеткізеді. Кеншілер шаһарындағы жолақысы осы жылдың мамыр айында ғана 65 теңгеден 80 теңгеге дейін қымбаттаған еді. Сондай-ақ маусымда электронды билет жүйесі енгізілді.

Кәсіпорынның хабарламасын оқыған әлеуметтік желі қолданушылары бұл тарифті көтерудің кезекті амалы деп топшылады. Екібастұз қаласының әкімдігі әзірше бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу