Екібастұзда қоғамдық көлік жолақысы қымбаттауы мүмкін

800

Екібастұзда қоғамдық көлік жолақысы қымбаттауы мүмкін

Екібастұздағы қоғамдық көліктердің жолақысы 55 теңгеден 65 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Дизель отыны, жанар-жағармай және көлік бөлшегі бағасының өсуіне байланысты жолақыны 10 теңгеге арттыру қарастырылуда. Негізінде тұрғындарды тасушылар 70 теңгеге жеткізуді сұраған болатын, - дейді әкімдіктің баспасөз хатшысы Габдолла Бейсекеев. – Бұл сұрақ қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жыл бойғы күн тәртібінде тұрған болатын".

Екібастұз қалалық әкімдігінің мәліметінше, 1-ақпаннан бастап студенттер үшін автобустардағы жолақысы 50 пайызға арзандайтын болады.

Еске салайық, облыс орталығындағы қоғамдық тасымалдауға жауапты көлік кәсіпорыны күндізгі оқу бөлімінде, кәсіби мектептерде, лицейлер мен колледжде білім алатын студенттерге жасалатын жеңілдіктерді өз мойынына алған. Сонымен қатар, 2018 жылдың 1-ақпанынан бастап екібастұздық полиция өкілдері қызмет бабымен жүрген жағдайда қызметтік куәлігін көрсету арқылы қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіндігіне ие болмақ. Алдағы күндерде жауапты тасымалдаушылармен тиісті меморандумға қол қойылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу