Екібастұзда көпқабатты үйдегі өрт кезінде үш бала эвакуацияланды

493

Өрттің себебі мен салдары анықталып жатыр. 

Екібастұзда көпқабатты үйдегі өрт кезінде үш бала эвакуацияланды Фото: zakon.kz

Екібастұздағы көпқабатты үйдің бірінен өрт шығып, үш бала эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 15 адам өз бетінше сыртқа шығып үлгерген, деп жазады inbusiness.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 12 желтоқсан күні, сағат 17:04-те Сәтбаев көшесі, 8/1 мекенжайындағы алты қабатты тұрғын үйдің екінші кіреберісінде өрт шыққан.

"Қоймаға айналған қоқыс жинағыштан шыққан өрттен тұрмыстық заттар жанған. Жалын жалпы аумағы 10 шаршы метр жерді шарпыды", - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы бес адамды құтқарды. Оның үшеуі бала. Оқиға орнына 3 арнайы техника мен 11 өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу