Екібастұзда көрші балкон арқылы өз үйіне кірмек болған ер адам көз жұмды

789

Аталған факті тіркеліп, сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

Екібастұзда көрші балкон арқылы өз үйіне кірмек болған ер адам көз жұмды

Екібастұз қаласында ер адам абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің балконынан құлап кетті. Бұл туралы агенттікке полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Ер адам көрші балкон арқылы өз пәтерінің балконына кірмек болған. Аталған факті тіркеліп, сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деді баспасөз қызметінде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, құлау салдарынан ер адам көз жұмған. Сондай-ақ, сол күні сағат 00:53-те Екібастұз қалалық ауруханасына екі аяғы сынған 37 жастағы ер адам жеткізілді. Ол екінші қабаттан құлаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу