Екібастұзда сегіз көп қабатты үйдің тұрғындары жылыту пунктіне көшірілді

464

1 желтоқсан сағат 08.00-дегі жағдай бойынша 17 көп қабатты тұрғын үй орталық жылу желісіне қосылмаған күйі қалып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.  

Екібастұзда сегіз көп қабатты үйдің тұрғындары жылыту пунктіне көшірілді Фото: pavlodarnews.kz

Жедел штабтың мәліметінше, 5А, 5Б және 6 шағын аудандарда 132 көп қабатты, 114 жеке үй және 13 әлеуметтік нысанда жылумен жабдықтау қалпына келтірілді.

№ 6,8,9,12,14,15 6 қазандықтар жұмыс істеп тұр, 4 қазандық резервте (№5,7,11,13).

"30 қараша күні сағат 23:51-де электр желісіне шамадан тыс жүктеме түсуіне байланысты қаланың шағын аудандарының бірінде Шешембеков және Торайғыров көшелеріндегі сегіз көп қабатты тұрғын үйде электрмен жабдықтау кезінде апаттық режим орын алды. Қала әкімі тұрғындардың келісімімен жылыту пункттеріне уақытша көшіру туралы шешім қабылдады. Сағат 00:44-те электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, тұрғындар көшірілмеді", - деп жазылған хабарламада.

Бұл апаттық сөндіру жылумен жабдықтау жұмысына әсер еткен жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды қабылдау мен жылытуды ұйымдастыру үшін 14 уақытша орналастыру пункті, 387 төсек-орын және 1540 отыратын орын ұйымдастырылған. Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 256 адам және 43 техника жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу