Екібастұзда су қоймасына батып кеткен жасөспірімнің денесі 4 күннен соң табылды

104

Жасөспірім суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған.

Екібастұзда су қоймасына батып кеткен жасөспірімнің денесі 4 күннен соң табылды Фото: Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті

Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентіндегі Шандақсор жасанды көліне батып кеткен 2009 жылы туған жеткіншектің мүрдесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құтқарушылардың мәліметінше, жасөспірімнің денесі оқиға орнынан шамамен 500 метр жерден табылған.

"Баланың денесін құтқарушылар 8 шілде күні таңертеңгілік тапты. Бала Шандақсор жасанды көлінің тыйым салынған жерінде шомылып жүріп суға кеткен", – деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу