banner

Екібастұзда су құбырында апат болды

532

Апат орнында 58 адам мен 16 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.  

Екібастұзда су құбырында апат болды Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Екібастұзда құтқарушылар 3 қаңтарда техникалық су құбырының зақымдалған учаскесінде су айдауды жүргізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Сағат 11:00-де "Горводоканал" МКК мен "Инженерлік желілер" ЖШС қызметкерлері зақымдалған учаскені ауыстыруды, диаметрі 500 мм техникалық су құбырын ажырату жөндеу жұмыстарын бастады.

Қалада жылу мен сумен штаттық режимде беріледі (5 қазандық пайдаланылады,  5 резервте). Сыртта ауа температурасы -2 С", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Апат орнында 58 адам және 16 бірлік техника жұмыс істейді.

Сағат 16:00-де жылу желісін қоректендіру резервуарларындағы су деңгейі 7,5 метрді құрайды, ал оның шекті деңгейі 1,6 метр ғана. ЖЭО резервуарларын қуаттандыру сағатына 900 тоннаны құрайды (жылу желілерін қуаттандыру сағатына 600 тонна). 

Вахталық және командалық-штабтық машина (КШМ) базасында жылыту пункті ашылды, сондай-ақ еріктілер ыстық тамақ таратып жүр.

Апатты облыс әкімдігінің, төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы бақылауға алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу