banner

Екібастұзда вагондарға арналған дөңгелек жұптары шығарылмақ

1045

Екібастұзда вагондарға арналған дөңгелек жұптары шығарылмақ

Екібастұздық кәсіпорын теміржол кластерінің өндірістік қуатын арттыруға көшті, деп хабарлайды 24.kz.

"Проммаш-комплект" зауытында дөңгелектерді шығару және бұрама жабдықтарды жаңғырту ісі басталды. Технологиялық қайта жабдықтау жұмыстары 2018 жылдың басында аяқталады. Ол кезде кәсіпорын өнім сапасын арттырып, қосымша тағы да 400 адамды жұмыспен қамтитын болады. Зауыт теміржол осьтері мен дөңгелек жұптарын шығаруды еселеп, өндірістік қуатын арттырады.

Былтыр іске қосылған компания биыл өзінің бір жылдығын атап өтті. Кәсіпорын әлі толық өндірістік қуатына көшкен жоқ.

Жоба бойынша жылына 32 мың теміржол осі мен 10 мың дөңгелек жұбын шығаруға қауқарлы.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу