Екібастұзда жаңа электр станциясын салуға тендер жарияланды

291

Жоба еліміздегі орнықты энергетиканы дамытуға бағытталған. 

Екібастұзда жаңа электр станциясын салуға тендер жарияланды Фото: dknews.kz

ҚР Энергетика министрлігі Екібастұз қаласында (Солнечный кенті) қуаттылығы 2640 МВт болатын жаңа конденсациялық электр станциясын салуға тендер жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Заңнамаға сәйкес, бұл тендерлік тетік электр қуаты нарығы арқылы инвестицияның қайтарымын қамтамасыз етеді.

Тендердің нәтижесі бойынша электр қуатын қолдау қызметіне арналған жеке тариф белгіленеді. Бұл тарифке мыналар кіреді:

  • негізгі капитал шығындарының өтемі;
  • жобаны жүзеге асыру үшін тартылған несиелер бойынша сыйақы;
  • инфляция деңгейіне жыл сайын индексацияланатын инвестицияланған капиталға рентабельділік мөлшері.

Өтінімдерді қабылдау уақыты:
Басталуы – 2025 жылғы 25 сәуір, сағат 09:00,
Аяқталуы – 2025 жылғы 12 мамыр, сағат 15:00,
(Астана уақытымен).

Жобаны іске асыру еліміздің энергетика саласын дамытуға елеулі үлес қосады, Қазақстанның халықаралық беделін арттырады және орнықты даму (ESG) қағидаттарына адалдығын айқындайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу