Екібастұзда жүргізуші жылу камерасына соғылып, құрылысты зақымдады

202

Соққы салдарынан жүргізуші ауыр жарақат алған жоқ, ал медициналық тексеру оның денсаулығының жақсы екенін көрсетті.  

Екібастұзда жүргізуші жылу камерасына соғылып, құрылысты зақымдады Фото: ҚР ІІМ

Екібастұз қаласында Абай мен М.Әуезов көшелерінің қиылысында УАЗ-3962 маркалы автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жылу камерасының құрылысына соғылып, кірпіш конструкциясын зақымдады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, зақым келген мүліктің құны толық көлемде өтелді.

Полицейлер азаматтарды заң бұзушылықтар, бұзақылықтар, мүлікті бүлдіру және ұсақ бұзақылықтарға бей-жай қарамауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.

"Заң мен тәртіп" қағидаты ішкі істер органдарының басты мақсаты болып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметтің негізі болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу