Екібастұздағы 17 үй жылудан уақытша ажыратылды

425

30 градус аязда Екібастұздағы 17 үй тағы жылудан ажыратылды. Бұл жолы апат емес, жаңа жылу магистралін іске қосу үшін осындай шешім қабылданған.  

Екібастұздағы 17 үй жылудан уақытша ажыратылды Фото: Константин Шелков

Жедел штаб құбыр ең көп жарылған жылу трассасын зерттей келе жердің үстімен өтетін жаңа желі салу тиімді деп тапты. Қазір жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жылу жүйесі көп кешікпей қалпына келтіріледі", - дейді жауапты сала мамандары.

Осылайша ескіріп кеткен желіні 120 метрлік жаңа жылу трассасы алмастырады. Коммуналдық апатқа байланысты проблема туындаған 17 көп қабатты үйге жоспарға сәйкес жылу түскі 14:00-ден кешіктірілмей берілуі тиіс.

"Дәл қазір негізгі ағым бойынша құбырларды түйістірдік. Одан кейін дәнекерлеуге кірісеміз. Бір сағат ішінде жұмысты толық аяқтаймыз деп отырмыз. Жылу магистралі іске қосылып үй құбырларына жылу барады. Жұмыс өз деңгейінде жүріп жатыр", - деп мәлімдеді "Павлодарэнерго" АҚ бас директорының орынбасары Вадим Лесин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу