Екібастұздағы апаттың ауқымын төмендетуге болмайды – Роман Скляр

446

Екібастұзда болған апаттың ауқымын төмендетуге болмайды. Себебі қалада үш шағын аудан зардап шекті. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Рavlodarnews.kz порталына берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.  

Екібастұздағы апаттың ауқымын төмендетуге болмайды – Роман Скляр Фото: Константин Шелков

"Әрине, апаттың ауқымын төмендетуге болмайды. Үш шағын аудан зардап шекті. Десек те, қалада төмен параметрлерде болса да, жылу режимі сақталды. Станция жұмыс істейді. Энергетикалық қадағалау комитеті апаттың алдын-ала себебін хабарлады. Станция желіге бір рет жоғары қысым берді. Желідегі қысым шамамен 40%-ға көтерілді. Яғни, техникалық тұрғыдан дұрыс емес шешім қабылданған. Бұл өз кезегінде магистральдардғы үш үлкен апатқа әкеп осқтырды. Оның нәтижесінде гейзерлер пайда болды. Оны әлеуметтік желілерде де көрдік. Салдарынан бүкіл қала жылусыз отыр деген түсінік қалыптасты. Бұл ірі апат екенін қайталап айтамын. 70 үйдегі немесе 5 100 пәтердегі жағдай мүшкіл болды. Мұнда 13 мыңға жуық адам тұрады", - деп атап өтті ол.

Роман Склярдың айтуынша, жедел штаб қаладағы жағдай бойынша "нақты ақпарат беріп отырған".

"Штабтан күніне екі рет баспасөз хабарламасын бере отырып, біз дұрыс ақпаратты жарияладық. Көп адам әртүрлі фейк ақпараттардың тұтқыны болған да шығар. Мен тұрғындарды ешбір жағдайда кінәламаймын. Десек те, көптеген БАҚ жедел штаб халықты алдап жатыр деп жазды. Күндіз-түні осы нысандарда жұмыс істеген адамдар бұл жағдайға қатты ренжіді. Пәтерлерге жылу берілмеген жағдайда, біз оны жазған жоқпыз", - деді Роман Скляр.

Сондай-ақ апаттан қаладағы пәтер иелерінің кооперативі тиісті қорытынды жасауы керек деген қорытындыға келді.

"Екібастұзда пәтер иелерінің кооперативі бар. Мұнда 20-30 үй бар және  бірнеше сантехник қана жұмыс істейді. Ішкі коммуникациялар қатып қалмас үшін суды төгіп тастау туралы бұйрық келген кезде оны бірі орындады, бірі орындамады. Енді бұл команда уақытында берілмеді деп жатыр. Төтенше жағдай қалай жойылды, коммуналдық қызметтер қалай әрекет етті – бұл туралы пәтер иелерінің кооперативі қорытынды өздері жасауы керек. Тұрғындардың өздері жұмыс істеген кейбір үйлерде суды мейлінше төгіп тастап, жылуға сол күні қосылған болатын. Арнайы бригадалар кейбір үйлерде барлық тоғыз қабаттағы құбырлар мен жылу радиаторларын ауыстырды. Бұл өте күрделі жұмыс", - деді спикер.

Айта кету керек, осыған дейін Екібастұзда жылуға қосылмаған 40 жекеменшік үй барын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу