Екібастұздағы барлық білім мекемелері жылумен қамтамасыз етілген

495

Білім мекемелері бұрынғыдай жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.  

Екібастұздағы барлық білім мекемелері жылумен қамтамасыз етілген Фото: Константин Шелков

Екібастұзда 65 білім ошағы бар. Бұл – 21 жалпы білім беретін, үш мамандандырылған және бір жекеменшік мектеп, 6 колледж, 26 балабақша, 3 қосымша білім беру ұйымы және 5 арнайы ұйым.

"Білім беру мекемелерінің жылу жүйесінің жұмысы бақылауда, ешқандай ақау жоқ. Жалпы қала бойынша жылумен қамту жағдайы қалыпқа келгеннен кейін білім беру ұйымдары әдеттегідей жұмыс істей бастайды", - деді Екібастұз қалалық білім бөлімінің басшысы Лаура Дисюпова.

Әзірге мектеп оқушылары мен студенттер қашықтықтан білім алып жатыр. Лаура Дисюпова төтенше жағдайда Екібастұздағы 8 білім беру мекемесінде жылыту пункттері жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Оның 7-уінде жатар орындар бар, олар 620 адамды қабылдай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу