banner

Екібастұздағы ГРЭС-1 станциясы рекордты жаңартты

1091

Мұнда 22,4 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндірілді.

Екібастұздағы ГРЭС-1 станциясы рекордты жаңартты

Станция іске қосылған 1980 жылдан бастап алғаш рет бір жыл аралығында 22,435 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндірілді. Жыл соңына дейін бұл көлем 22,7 млрд кВт/сағатқа жетеді деген жоспар бар, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Павлодар облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметі бойынша, Екібастұз қаласындағы №1 электр станциясында ең көп өндірілген көлем 1987 жылы тіркелген еді. Сол кезде бұл орталықта 22,4 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндірілді. Араға тура 34 жыл салып қана бұл көрсеткішке қайта қол жетті. Алдағы үш күн аралығында оның тағы да артатыны анық.

Сол сияқты Екібастұздағы ГРЭС-2 станциясы да абсолюттік рекорд орнатты. Биыл мұнда 6,324 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндірілді. Бұған дейін максималды көлем 2013 жылы тіркелген еді. Сол кезде станция бір жылда 6,28 кВт/сағ энергия таратты.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу