Екібастұздағы Шандақсор көліне 16 жастағы жасөспірім батып кетті

115

Жасөспірімнің денесін іздеуге өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Екібастұздағы Шандақсор көліне 16 жастағы жасөспірім батып кетті Фото: Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті

Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентіндегі Шандақсор жасанды көлінде 4 шілде күні сағат 16.10 шамасында 2009 жылы туған жеткіншек суға батып кеткен.

– Жасөспірім тыйым салынған жерде суға түскен. Қазіргі уақытта іздеу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Оқиға орнына Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағының күштері - 6 қызметкер, 2 бірлік техника, 2 жүзу құралы, сондай-ақ эхолот жеткізілді. Қолайсыз ауа райы, атап айтқанда екпінді жел мен көл бетіндегі үлкен толқындар іздеуге кедергі келтіріп тұр. Соған қарамастан сүңгуірлер жұмыстарын тоқтатқан жоқ, – деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Төтенше жағдай қызметінің мамандары жабдықталмаған жерлерде шомылу өте қауіпті екенін ескертеді. Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау – адам өмірі мен денсаулықты сақтаудың кепілі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу