Екібастұздағы зауыт құрылысына 113 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылмақ

253

Ферроқорытпа өндіретін жаңа зауытта 520-дан астам жұмыс орны ашылады. 

Екібастұздағы зауыт құрылысына 113 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылмақ Фото: inbusiness.kz

Зауыт құрылысының тақырыбы Әлихан Смайылов төрағалық еткен экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында талқыланды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.

Қуаты жылына 80 мың тонна ферросилиций болатын жоба 520-дан астам тұрақты жұмыс орнын құруға және осы өнімнің Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Түркия және Еуропа елдеріне экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте мұнай кен орындарын одан әрі игерудің өзекті мәселелері қарастырылады. Соның ішінде, өндіріс тиімділігін арттыру, жұмыс орындарын құру және сервистік компанияларды қажетті жұмыс көлемімен қамтамасыз ету сияқты бағыттар қаралды.

Сонымен қатар, мемлекеттік комиссия мүшелері Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын өзектендіру тәсілдерін талқыға салды.

Атап айтқанда, жобаларды қосу және алып тастау бойынша жаңартылған критерийлер, сондай-ақ, бірқатар активті бәсекелестік ортаға беру жөніндегі ұсыныстар қарастырылды. Мәселен, Qazaq Air әуекомпаниясын бәсекелестік ортаға беру 2024 жылға жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу