Екібастұздағы жағдай: ЖЭО-дағы қазандықтарды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

495

Екібастұздағы ЖЭО-дағы қазандықтарды жөндеу жұмыстарын 7 қаңтарда сағат 00:00-де аяқтау жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екібастұздағы жағдай: ЖЭО-дағы қазандықтарды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Ақпаратқа сәйкес, бүгінгі таңда жылу-электр орталықтарындағы № 6, №9, №12, 13 қазандықтарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"№1 жылу магистраліндегі зақымдануларды жою мақсатында № 1 жерүсті павильонына дейінгі орталық жылу пункті ажыратылды. Бүгін сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін үш көпқабатты тұрғын үйде, 319 жеке тұрғын үйде, 11 заңды тұлғада жылу өшіріледі", – делінген компания таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу