Екібастұздағы жылу мәселесін шешу үшін жаңа құбыр салынады

Сол арқылы жылумен қамту мәселесін шешу көзделіп отыр.

Екібастұздағы жылу мәселесін шешу үшін жаңа құбыр салынады Фото: Есенжол Исабек

Қаладағы 4а шағын ауданында бүгінгі түнде жер үстінен өтетін жаңа желі салынбақ, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Облыс әкімінің уақытша міндетін атқарушы Олег Крук көп ақау анықталған Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі магистраль жаңаратынын хабарлады. 

"Осы көшенің бойындағы диаметрі 426 миллиметр жылу желісінен ақау көп анықталды. Сондықтан жедел штаб қолданыстағы трассаны айналып өтетін, ұзындығы 120 метр, диаметрі 426 миллиметр сыртқы жылу желісін салу туралы шешім қабылдады. Егер құбырды жердің астына салар болсақ үйлерді тағы 20 сағатқа жылудан ажыратуға тура келеді. Ал жердің үстімен өткізсек жұмысты 5 сағатта аяқтауға болады",-деді Олег Крук. 

Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар жаңа желіні таң атқанға дейін тартуды жоспарлап отыр. 

Айта кетейік, жедел штабың мәліметі бойынша, бүгінде Екібастұздағы көпқабатты үйлердің барлығының жертөлесіне жылу жеткізіліп, пәтерлерге беріле бастады. Осы уақытқа дейін 2500-ден астам жылу батареясы ауыстырылды. Әзірге тек 6 подъездегі үйлерге жылу берілген жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу