Екібастұздағы жылыту орындары бір мезетте 4000 адамды қабылдай алады

572

Бұл туралы қала әкімі Аян Бейсекин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.  

Екібастұздағы жылыту орындары бір мезетте 4000 адамды қабылдай алады Фото: Константин Шелков

Қала басшысы түннен бері қандай өзгеріс болғанын баяндады. Жылу жүйесінде ақау болған және қатып қалған 59 көп қабатты үйдің 27-сіне жылу берілді. 30-дан астам кезекші бригада бұл бағытта жұмыс жасап жатыр.

"Таңғы сағат 6:00-ден екі бригада қалған жалғыз апаттық орынға барды. Жұмыс жасап жатыр. Түске дейін жұмысты аяқтап, жылу бере бастаймыз деп жоспарлаудамыз", – деді Аян Бейсекин.

Аян Бейсекиннің айтуынша, қала тұрғындарына жағдай жасау үшін 12 жылыту пункті ашылған. Барлық пункт бір сәтте 4 мың адам қабылдай алады.

Қала әкімі жылыту пункттеріне аз ғана адамдар келіп жатқанын атап өтті. Көбі үйлерінде қалып отыр. Пункттердегі тамақ кәсіпкерлердің демеушілігімен әзірленіп жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, 12 жылыту пунктінің 4-еуінде жатар орындар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу